Биыл жемқорлыққа қатысты 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

Биыл жемқорлыққа қатысты 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

Биыл жемқорлыққа қатысты 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді
ашық дереккөзі

Биыл елімізде 3088 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелді. Бұл туралы Астана қаласындағы Қазақстан, Ресей, Беларусь құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мемлекетаралық кеңесінің отырысында мәлім болды.

Мемлекетаралық кеңесте сөз алған Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев сыбайлас жемқорлықтың төмендемей отырғандығын тілге тиек етті. Өз кезегінде бұл еліміздің экономикалық дамуына, әлеуметтік салаға, халықтың өмір сүру сапасына кері әсер етеді. «Биыл Қазақстанда 3088 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Өсім 49 пайызға тең болып отыр. Қылмыс саны жыл сайын өсіп барады. Бұл қылмыстық істер бойынша, жалпы шығынның көлемі 8 миллиард теңгеден асты, олардың жартысынан көбі мемлекет кірісі есебіне қайтарылды. Биыл 10 айдың ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзған мыңнан аса адам тәртіптік  жауапкершілікке тартылды», – деді еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев.