23 Мамыр 2019, 15:12 561 0 Ішкі саясат "Түркістан" газетінің авторлары

Қ.Тоқаев белгілі боксшы Қанат Исламмен кездесті

Кеше Ақтөбе обылысына іс-сапармен барған мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі боксшы Қанат Исламмен кездесті.Бұл туралы боксшы өзінің инстаграмм парақшасында айтты.

Шынымды айтсам әңгіме ресми форматта өтеді деп ойлағанмын.Бірақ Елбасымыздың өзі бірден шешіліп әңгіме бастап кетті. Сені жақсы білемін,сұхбаттарыңды оқығанмын деді.Содан кейін етене жақын әңгіме басталып кетті.Спортшы ретінде алдағы жоспарларым жайлы айттым.

@Qazaq.promotions промоутерлік  компаниясы алдағығы 5-ші шілдеде Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің ұйымдастыруымен өткізгелі жатқан үлкен кеші жайлы айттым.Ол кісі сөзімді бірден құптады.Құптап қана қойған жоқ.«Өзімде барамын» деді.Мұндайды не деріңді білмей қалады екенсің «Иә,сізді соған шақырамын!»,- дедім.Бұл әрине мен күтпеген жағдай болды-деді оқырмандарымен қуанышын бөліскен боксшы.

Тағы бір айта кетерлік жайт боксшымен кездескені жайлы Тоқаев мырзада өз парақшасында бөлісті.

Қали Карымхан

Соңғы жаңалықтар