23 Мамыр, 13:44 238 0 Ішкі саясат Turkystan Support

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МЕРЗІМІ

11 мамырда Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталғаны мәлім. Сайлауалды үгіт насихат науқаны 8 маусымға дейін жалғасады. 8 маусым күні үгіт-насихат тоқтатылады. 9 маусымда таңертегі сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін сайлау учаскелерінде сайлаушылар дауыс береді. Дауыстарды санау уақыты 12 сағаттан аспайды.

КАНДИДАТТАРДЫҢ  БЮЛЛЕТЕНДЕГІ   РЕТТІК  НӨМІРІ

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень мәтінін бекітті. Қазақстан президенттігіне кандидаттардың сайлау бюллетеніндегі реттік нөмірі белгілі болды. Сайлау бюллетенінде президенттікке үміткердің тегі, аты, әкесінің есімі алфавит тәртібімен жазылады. Сонымен, сайлау бюллетенінде кандидаттардың орналасуы былай болатын болды:

Ахметбеков Жамбыл

Еспаева Дәния

Қосанов Әміржан

Рахымбеков Төлеутай

Таспихов Аманкелді

Тоқаев Қасым-Жомарт

Түгел Сәдібек

9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына сайлау 12 067 475 дана бюллетенін дайындауға 132 742 225 млн теңге жұмсалды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина хабарлады.

«Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетендерін жасау үшін «Жарық КО» серіктестігімен келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдады. Біз аталған серіктестіктен бір бюллетенді жасау құнын 11 теңге мөлшерінде ұсыныс алдық. Қорғалуында екі жағында да тангир торшасы, айрықша елтаңба бейнесі, бюллетень мәтіні бойынша өзге де элементтердің айрықша бейнесі бар», – деді С.Мұстафина. Аталған типографиядан бюллетендердің басылып шығуы және орамаға салынуы мемлекет тарапынан бастан-аяқ қадағаланатын болады. «Орталық сайлау комиссиясының арнайы байланыспен жасалған келісімшарты бар. Ол бюллетендерді аумақтық сайлау учаскелеріне дейін жеткізетін әскерилендірілген күзет. Біз қаулы қабылдадық және енді бюллетендерді басып шығаруға кірісе аламыз», – ОСК хатшысы.

Сайлау бюллетендері республикалық, облыстық маңызы бар қалаларға 8 маусымға дейін жеткізіледі. Бюллетендерді қолдан жасау заңмен қудаланады.

  «Түркістан-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар