22 Мамыр, 16:48 332 0 Ішкі саясат "Түркістан" газетінің авторлары

Қ. Тоқаев жер мәселесіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жер сатылмайды деп мәлімдеді. Бұл ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жұмысшыларымен кездесу кезінде Қ. Тоқаев: "Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл - менің президент ретіндегі берік ұстанымым!", - деді.

 

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүр. Сапар барысында мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына қатысты.

Сонымен қатар, ол өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын аралап көріп, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысты.

Карымхан Қали

Соңғы жаңалықтар