Курсанттар оқ атумен тактикалық жаттығудан өтті
								
                                                                                                Курсанттар оқ атумен тактикалық жаттығудан өтті
                                                                                                                                Құрлық әскерлерінің Әскери институтының  оқу жаттығу орталығында 3 курс курсанттарымен жауынгерлік оқ атумен роталық тактикалық жаттығу өтті.
Рота-тактикалық жаттығуда рота шабуылда және рота қорғаныста тақырыптары қарастырылады.
Жаттығудың басты мақсаты мен міндеті – біріктірілген  бөлімшемелер мен құрамалардың ортақ тапсырманы орындау кезіндегі үйлесімділігін бағалау, роталық тактикалық топ құрамында жұмыс жасауды үйрену және курсанттардың командир ретінде дағдылары мен іскерліктері, сонымен қатар тәжірибесін арттыру болып табылады.