Ташкенттен Ыстықкөлге пойыз жүре бастайды

Ташкенттен Ыстықкөлге пойыз жүре бастайды

Ташкенттен Ыстықкөлге пойыз жүре бастайды
ашық дереккөзі
366
6 маусымнан бастап Ташкент – Бішкек – Балықшы (Ыстықкөл) бағытында халықаралық жолаушылар пойызы жүре бастайды деп хабарлайды "Узбекистон темир йуллари". Өзбекстан мен Қырғызстан арасында туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған пойыз әр бейсенбі күні, кешкі 20:50-де Ташкент темір жол вокзалынан шығып, Қазақстан аумағы арқылы өтіп, Қырғызстанның "Балықшы" возкалына жұма күні кешкі 20:29-да жетеді. Кері сенбіге қараған түні 01:59-да жүреді де, Ташкентке жексенбінің таңында жетеді. Халықаралық пойыз Қазақстанның "Сарыағаш", "Арыс", "Шымкент", "Манкент", "Түлкібас", "Абаил", "Бурное", "Жамбыл", "Луговая", Қырғызстанның "Мерке", "Чальвадар", "Каинди", "Қарабалта", "Беловодск", "Токмак", "Бішкек-2" станцияларына тоқтайды. "Узбекистон темир йуллари" компаниясының мәліметінше, пойыз билеті плацкарт вагондар 35 доллар, купе вагондар 48 доллар және люкс вагондар 94 доллар тұрады.

Серіктес жаңалықтары