Түркия президенті Режеп Ердоған Анкара Ресеймен бірлесіп, әуе шабулынан қорғаныс жүйесін өндіреді деп мәлімдеді. Ол сонымен бірге С-400 кешенін сатып алу мерзімінде басталады деді. Бұдан бөлек Ердоған америкалық F-35 қорғаныс жүйесін сатып алуды жалғастыра беретінін де жеткізді. Түркия 2017 жылы Ресейден С-400 жүйесін сатып алу жөнінде келісімге келген. Оған сәйкес 2020 жылдың көктемінде Түркияға жеткізіле бастау керек. Бірақ тараптар алғашқы кешенді биыл шілде айында жеткізу жөнінде уағдаласқан. Бұл келісім америка-түрік қарым-қатынасын нашарлатып жіберді. Вашингтон Кремльдің қолына НАТО өндіретін F-35 әскери ұшақтар жөнінде жабық ақпарат түседі деп қауіптенеді. АҚШ сенаты егер Түркия С-400 кешенін орналастыратын болса, оған қарсы санкция енгізе алмаймыз деп мәлімдеді.
Жүктелуде...