16 Мамыр, 16:43 246 0 Білім "Түркістан" газетінің авторлары

Білім ордасындағы игі бастама

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғарғы мектебінде «Исламдық қаржы» орталығының ашылуы болды.

Ашылу салтанатында ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы орталықтың мән-маңызы жайында баян етті.

«Біздің мақсатымыз шариғат негізіндегі исламдық қаржы мамандарын дайындау. Бұл Орталық Азия аумағындағы алғашқы әрі бірегей исламдық қаржыландыру жөніндегі білім беру ғылыми орталығы болып табылады. Бүгіннен бастап орталығымызға ислам тұрғысындағы қаржы бойынша білім алам деушілерге есігіміз ашық», – деді ректор.

Дөңгелек үстел барысында «Ислам қаржы» орталығының мақсаты мен бағыт-бағдары таныстырылып, игі шараның тигізер пайдасы тұрғысында ұтымды ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, қаржы нарығының қазіргі жағдайы, оның ішінде исламдық қаржыландыру нарығы, исламдық қаржылық индустриясының Қазақстан Республикасында дамуының мәселелері мен келешегі талқыланды.

 

Қали КАРЫМХАН

Соңғы жаңалықтар