16 Мамыр, 14:19 124 0 Білгенге маржан "Түркістан" газетінің авторлары

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ – 18 МЛН 448,6 МЫҢ АДАМ...

Былтырғыға қарағанда биыл халқымыздың саны 1,3 пайызға көбейіпті. Яғни, 2019 жылғы 1 сәуірдегі дерекке сенсек, өткен жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда 238,8 мың адамға өсім бар.

Бұл аз ба, көп пе? Ресми деректерді сөйлетсек, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегі былай дейді:  қала тұрғындарының саны 10 млн 734,2 мың адамды немесе жалпы халық санының 58,2 пайызын, ал ауыл тұрғындары 7 млн 714,47 мың адамды немесе 41,8 пайызды құрайды.

Ал қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа толмаған 856 сәби шетінеген. Өкініштісі, 2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі сәбилердің өлім-жітімі 4,4 пайызға артқаны байқалады.  2019 жылдың қаңтар-наурызында сәби өлімінің коэффициенті 1000 дүниеге келген балаға шаққанда 9,31 оқиға болды. Сәби өлім-жітіміне перинаталдық кезеңде пайда болған жағдайлар себеп болған. Қаңтар айының өзінде 447 бала шетінеген. Туа біткен ауытқудан 164, тыныс алу мүшелері ауруынан 72, төтенше жағдайлардан 24 бала көз жұмды.

Биылғы жылдың қаңтар-наурызында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, Қазақстанға келушілердің саны 8,4 пайызға азайып, кетушілердің саны 22 пайызға артты. Негізгі миграциялық алмасулар ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,5 пайызды және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 89,1 пайыз болды. Ел аумағынан тысқары кеткен мигранттар саны 14,1 пайызға артты. Өңіраралық қоныс аударуда  көші-қонның оң сальдосы Маңғыстау облысында (369 адам) және Нұр-Сұлтан (6 089) мен Алматы (6 559) қалаларында тіркелген.

«Түркістан-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар