ЕҚЫҰ Өзбекстанда тәуелсіз сайттардың қайта ашылуын құптайды

ЕҚЫҰ Өзбекстанда тәуелсіз сайттардың қайта ашылуын құптайды

ЕҚЫҰ Өзбекстанда тәуелсіз сайттардың қайта ашылуын құптайды
ашық дереккөзі
229
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Арлем Дезир Өзбекстанда сайттардың қайта ашылуын жылы қабылдап, құптады. Ол бұл мәселені Өзбекстан билігімен кездесуде қозғағанын айтты. Өзбекстанда Voice of America ("Америка дауысы"), Amerika ovozi, BBC Uzbek, Deutsche Welle, Amnesty International, Human Rights Watch, Reporters sans frontieres, Eurasianet.org, AsiaTerra, Fergana Agency, Centre1, Uzmetronom және өзге де шетелдің жаңалық тарататын веб-сайттары толық ашылып, жұмыс істеп тұр. Азаттықтың Өзбек қызметінің сайты - Озодлик радиосы "қайта ашылған" ресурстар тізімінде болмады. ЕҚЫҰ өкілі Арлем Дезир жақын арада Өзбекстанда Азаттықтың Өзбек қызметі сайтының да ашылатынына үміт білдірді. Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы ақпарат және қоғамдық коммуникация агенттігінің директоры Комил Алламжонов Facebook-тағы парақшасында бұл сайттардың "техникалық ақауларға" байланысты жабық болғанын жазды. "Зерттеу қорытындысы бойынша Өзбекстанда аталған веб-ресурстардың толық жұмыс істеуіне кедергі жасаған белгілі бір техникалық ақаулар анықталды және оларды жою бойынша қажетті шаралар қолданылды", - деп атап өткен шенеунік. Жоғарыда аталған сайттар Өзбекстан аумағында 2005 жылы мамыр айында болған Әндіжан оқиғасынан кейін жабылған. 2005 жылы 13 мамырда Әндіжан қаласында алаңға шыққан жұртқа Өзбекстан полициясы оқ жаудырып, ресми дерек бойынша 187 адам қаза тапты. Құқық қорғау ұйымдары мен оқиға куәгерлері қаза тапқандардың саны одан да көп екенін айтады.  

Серіктес жаңалықтары