225
Интеллектуал жастар сынға түсті
Интеллектуал жастар сынға түсті
Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінің дәріс залында физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы мен «Студенттердің Ғылыми Қоғамы» ұйымының ұйымдастыруымен Эрасмус академиялық мобильділік бойынша Румыния Babes-Bolyai University, Химиялық инженерия департаментінен келген профессорлардың қатысуымен «LEAGUE OF СHEMISTS» атты интеллектуалдық сайысы өтті. Жыл сайын өткізілетін бұл конкурстың басты мақсаты – студенттердің білім деңгейін кеңейту, шығармашылық ізденісін байқау болып табылады. Тапқырлыққа, белсенділікке бағытталған байқауға да С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері бақ сынасты.
Химия адам өміріне жан-жақты араласып, жылдан-жылға маңызы арта түсуде. Химияға байланысты логикалық, музыкалық және қызықты сұрақтарға құралған байқауда командалар өзара жолдастық көмек көрсетіп, ойларын тиянақты айта білді .
Сайыс 7 кезеңнен тұрды: «Қызықты терминдер»; «Музыкалық жұмбақтар»; «Суреттер сыры»; «Сұрақ-жауап»; «Ситуациялық есеп»; «Видео-сұрақ»; «Блиц-турнир». Сайыс барысында креативті түрде жасалынған видео-гиперсілтемемен ерекшеленіп тұрды.
Интеллектуалдық байқау соңында физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының доценті, х.ғ.к. Л.Сыздыкова мен доцент, х.ғ.к. Р.Н. Ажигулова барлық командаларға алдағы уақытта сәттілік тілеп, сайысты қорытындылады.
Химия ғылымы мен ақыл-ой бәсекесіне арналған интеллектуалды сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар диплом, сыйлықтармен марапатталды.
Д.Н. Ақбаева, Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының доценті, химия ғылымдарының докторы А.А. Батырбаева, Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушысы