МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ ШАРЫҚТАП КЕТТІ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ ШАРЫҚТАП КЕТТІ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ ШАРЫҚТАП КЕТТІ
ашық дереккөзі
Мамыр басынан бері Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы шарықтап тұр. Бірінен кейін бірі келіп жатқан мерекелер ұшақпен қатынаушылар санын күрт көбейтті. Әсіресе елордадан ұшатын бірнеше бағыт бойынша бағаның біршама өскені байқалады. БАҚ өкілдері бағаны сараптау үшін солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс өңірлер бағасын салыстырмалы түрде есептеп көрді. Әуе компаниялардың сайттарындағы мамырдың 9-ы мен 12-сі аралығына арналған билет бағасы әуелгісінен тым қымбат. Елордадан Қостанайға тікелей әуе рейсімен барып-келу – 80 мың теңгеге жеткен. Жәй күндері 40 мың теңгеден сәл қымбат болатын. Шымкентке ұшу бағасы 70 мың теңгеден асады. Ал Нұр-Сұлтан-Атырау бағытында ұшатын тұрғындарға барып-келу құны – 96 мың теңге. Бірақ ең қымбат баға Нұр-Сұлтан-Өскемен бағытында тіркелді. Шығысқа барып келу үшін қалтаңызда кем дегенде 120 мың теңге болуы керек. Сондай-ақ тұрғындар жиі сапарлайтын Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы рейстерге ең арзан әуе билеті – 50 мың теңге. Мереке күндері болғандықтан билеттер шамамен екі есе қымбаттаған. Мысалы, мамырдың 13-і мен 16-сы аралығында Алматыға, демалыс күндеріне қарағанда, екі есе арзан бағаға баруға болады. Билет құны – 28 мың теңге. Ал Өскеменге ұшақпен барып-келу – 36 мың теңге, Атырауға – 56 мың теңге. Ал шырайлы Шымкентке әуе жолдары арқылы 35 мың теңгеге барып келуге болады.