29 Сәуір, 15:37 442 0 Жаһан Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Түркіменстан президенті түр-келбетін тағы өзгертті

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов көпшілік алдына түр-келбетін тағы өзгертіп шықты. 25 сәуірде түркімен президенті үкімет отырысында көзілдірік киіп отырды.

Мемлекеттік телеарна президенттің көзілдірік кигенін көрсеткен соң, елдегі барлық басылымдар оның көзілдірік киген суретін ғана таратқан. 26 сәуірде мемлекеттік газеттер президенттің алтын жалатылған көзілдірік киген суретімен басылып шықты.

Мемлекет басшысы бұған дейін шашының түсі мен сәнін бірнеше мәрте өзгерткен, бірақ көзілдірік киген емес.

Президент түр-келбетін өзгерткен сайын, елдегі барлық мемлекеттік мекемелердегі оның суреттері ауыстырылады. Шығын мемлекеттік қызметкерлердің ақшасы есебінен төленеді.

2007 жылы ​Гурбангұлы Бердымұхамедов билікке келген уақытта оның шашында ақ болған. Уақыт өте келе президенттің шашы қара түске бояла бастады. Бірақ 2018 жылы 26 тамызда Бердымұхамедов көпшілік алдына ақ шалған шашымен шықты.

Соңғы жаңалықтар