МАРСТА ЖЕР СІЛКІНДІ

Франциялық SEIS сейсмограф аппараты тарихта тұңғыш рет Марста жер асты дүмпуін тіркеді. Бұл туралы Францияның CNES ғарыш агенттігі Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

SEIS марсиандық миссиясының 128 күні «әлсіз, бірақ анық» сейсмикалық сигнал анықталған. CNES мәліметінше, бұл 1960-1970 жылдары АҚШ-тың «Апполон» миссиясы кезіндегі Айдың бетіндегі белсенділікке ұқсас екен.  Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қандай да бір сыртқы фактор немесе жел емес, нағыз жер сілкінісі.  Оқиға 6 сәуір күні болған. Осыған дейін, Curiosity ровері Гейл кратерінде азот қосындысын тапқан, оның арқасында тірі ағзаның өмір сүруіне мүмкіндік бар деген сөз.

Ал Қазақстандағы «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мекемесінің» жер сілкінісін зерттейтін 335 қызметкері маңдай терімен тапқан ақыларын ала алмай жүр. Ұйым басшысы Б.Әшіровтің айтуынша, жалақының осынша уақыт кешігуіне мекеменің БҒМ-нің ғылым комитетіне ауыстырылуы себеп. Жұмысшылар несиесі мен тамағынан бөлек, жүріп-тұруға ақша жоқтығын айтады. Ұйымның директоры бюрократиялық шаруалары үйлессе қызметкерлерінің жалақысы мамыр айында беріліп қалар деп отыр. Айтуынша, қаржыландыру көзі ашылмағандықтан мекеменің коммуналдық төлемдерге қарыздары көбейген, осы себептен жер сілкінісіне жасалатын болжамдар да толық жүргізілмей жатыр.

«Түркістан-ақпарат»

Back to top button