211
Электр энергиясы арзандады
Электр энергиясы арзандады
Қазақстанда электр энергиясының тарифы 2019 жылдың наурыз айында тура бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 8 пайызға арзандады.
Белгілі болғандай, электр энергиясының тарифы Қазақстанда наурыз айында электр плитасын қолданбайтын және өзге де құрылғыларды пайданалатын қазақстандықтар үшін біршама арзандаған. Нақтырақ айтқанда, электроплитаны қолданбайтын республика тұрғындары үшін 100 кВт/сағаттың бағасы: 1-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 133 теңгені (2018 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 8,4 пайызға арзандаған), 2-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 458 теңгені (-6,7%), 3-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 799 теңгені (-5,5%) құраған. Электроплиталарды қолданатындар үшін 100 кВт/сағаттың бағасы: 1-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1110 теңге (-8,7%), 2-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1458 теңге (-6,9%), 3-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1800 теңге (-5,4%) болған. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында электр энергиясының өндірісі 28,1 млрд кВт/сағатты құраған (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға аз). Электр энергияны жеткізу және тарату шығындары 286,2 млрд теңгені (өткен жылдың шығынан қарағанда 13,9 пайызға аз) көрсеткен. Қазақстанның электр энергиясы жүйесінің бірыңғай операторы - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company, қысқаша KEGOC). Қазақстанда электр энергиясын әртүрлі иеліктегі 138 электр станциялары өндіреді.