КЕМЕЛ ДЕСЕ, КЕМЕЛ ЕДІ

КЕМЕЛ ДЕСЕ, КЕМЕЛ ЕДІ

КЕМЕЛ ДЕСЕ, КЕМЕЛ ЕДІ
ашық дереккөзі
1123
Редакциямызға тарихшы - зерттеуші Қайрат Қарамаңдаевтың публицист Кемел Тоқаев жайлы шағын мақаласы келіп түсті. Мақала мұрағат материалдары негізінде тарихи деректемелермен толықтырылып жазылған.   Кемел Тоқаев – II Дүниежүзілік  соғыстың 1, 2-дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» және басқа көптеген медальдармен  марапатталған соғыс ардагері әрі қарымды қаламгер, белгілі публицист.  «Turkistan» газетінің оқырмандарына қызықты болады деген оймен аталған мақаланы жариялағанды жөн көрдік. Ерлікті есте сақтау, оны құрмет тұту – ұлттық дәстүрдің негізгі белгісі. Ешкім де ештеңе де із-түзсіз кетуі тиіс емес. Сондықтан ерлік жасаған ерлерді ардақтау, олардың ерліктерін ел есінде қалдыру, олардың ерлігін үлгі ету – әр ұрпақтың парызы, және оларды қалың жұртқа таныту – бәріміздің азаматтық та патриоттық міндетіміз. Кемел ТОҚАЕВ 1923 жылы Талдықорған облысы Қаратал ауданының бұрынғы Сталино, қазіргі Кәлпе елдімекенінде жарық дүниеге келген. Ел басына күн туғанда ол алғашқылардың бірі болып қолына қару алып, майданға аттанды. Шаруа Қызыл Армия қатарына Алматы қаласының Ленин аудандық әскери комиссариатынан 1942 жылдың ақпанында шақырылған. Бастапқыда бөлімше командирлер даярлайтын сержанттар мектебінде Бішкек қаласындағы әскери училищеде курсын оқып, бітіріп соғысқа аттанады. 1942 жылдың қыркүйегінен – 1943 жылдың ақпанына дейін Сталинград майданының 226-атқыштар дивизиясында атқыш, кейіннен бөлімше командирі, жаудан Сталинград қаласын қорғаған, 1943 жылдың шілдесінен – 1943 жылдың қыркүйегіне дейін Оңтүстік майданында, 1943 жылдың қарашасынан – 1944 жылдың ақпанына дейін 1-Украин майданында, ал 12.08.1944 жылдың соғыстың аяғына дейін 2-Белорус майдандарында соғысқа қатысқан. Ер мінезді Кемел ұрыста өте жауапты, табанды қасиеттерімен, батыл іс-әрекетімен, өжеттілігімен көзге түсіп, неше мәрте қанды ұрыстарда ерлік көрсетті. Кемел Тоқаев бойшаң, ірі жігіт, сұңғақ денелі, дене қимылы өте ширақ, кең иықты, нағыз қаракүштің иесі, «қоян-қолтық» ұрыстың кәсіпқой нағыз шебері болған. Негізі гвардиялық сержант Тоқаевтың бөлімшесі жеке гвардиялық танк полкінде, танкті күзету, танк пен және оның экипаждарымен байланыс жасау, атып түсірген танкті оның экипажын қадағалау, танкке жол ашып беру, бөгеттен өткізу міндеттер қойылған. Жоғары штабтан бірнеше жауапты, өте маңызды және қауіпті тапсырмаларды Тоқаевқа жүктейді. Үнемі барлауда жүріп, жаудың құнды мәліметтерін теріп, құпия деректерін жеткізіп отырған. 1943 жылдың 17 шілдесінен – 1 тамызға дейін өз өмірін қатерге тігіп, өзіне төнген қауіпке, артиллериялық шабуылға қарамастан, танктермен байланыс жасап, танктерге жол ашып, өз автоматымен кескілескен шайқаста 20-ға тақау жау солдаттарын жер жастандырғаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің орталық мұрағат құжаттарынан: наградить командира отделения автоматчиков гвардий сержанта Токаева Кемель. За весь период боев с 17-го июля – по 1-е августа 1943 года беспрерывно находился около танков, охраняя их, действовал решительно и отважно. Под сильным артиллерийским обстрелом держал связь с танками и под ружейно-пулеметным огнем выполнял приказы командования по разведке состояния подбитых танков и экипажей и по отысканию проходов для танков. Огнем своего автомата уничтожил до 20 гитлеровцев. Приказом №7 от 5.08.1943. 7-го ОгвТПП Южного фронта награжден медалью «За Отвагу». Командир 7-го ОгвТПП (отдельного гвардейского танкового полка прорыва) гвардий подполковник Корбут. 5 августта 1943 года. Ұрыс қимылы болып жатқан кезде, қарша борап тұрған оқтың астында алдыңғы шепке шығып, танкпен жаяу әскердің байланысын сақтап, командованиенің бұйрығын мүлтіксіз орындайды, танктер өзеннен өту кезінде, таяз өткел тауып, бөгеттен аман-есен өткізіп жіберген үшін, тағы да өжет сержант Кемел Тоқаев 2-мәрте «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің орталық мұрағат құжаттарынан: наградить командира отделения автоматчика – гвардий сержанта Токаева Кемель ранее награжденный медалями «За боевые заслуги» и «За оборону Сталинграда». За время боевых действий полка все время находился на передовых позициях. В исключительно сложных условиях, под непрерывным обстрелом и бомбежкой держал пешую связь с танками. Когда в ходе боя потребовалось быстро форсировать водный рубеж по приказу командования, быстро отыскал брод провел танки через препятствие. Награжден приказом №8 7-го ОГТТПП Южного фронта от 1.09.1943. медалью «За Отвагу». Командир 7-го отдельного гвардейского тяжелого танкового полка прорыва гвардий майор Смирнов. 1 сентября 1943 года. Отан үшін полктің комсомол бюросының мүшесі ретінде төртінші взвод атқыштарын жігерлікке, өжеттікке рухтандырды. 21.01.1945ж. Еглиевец елді мекенінің солтүстік-батыс бағытында біздің ұрыс позициясына жау түнде қарсы шабуылға шығады. Бөлімше атқыштары жауды танкке жақындатпай тойтарыс беріп, дұшпанның соққысына тайсалмай қарсы тұрып, табандылық, қайсарлық көрсетіп, шабуылға шығып, жауды шегіндіріп тастайды. Тоқаев жолдас жаудың орналасқан жеріне ең бірінші болып кіріп, жеке өзі 5 немісті жер жастандырып, біреуін тұтқынға алады. Өз бөлімшесіне, қайтып келе жатқанда, аяғына оқ тиеді. Тұтқынды атып тастап, жараланған жерінің ауыртпалығына қарамастан, оны таңып, аман-есен өз танкілеріне жетеді. Осы ерлігі үшін 2-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған. Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің орталық мұрағат құжаттарынан:в боях за Советскую Родину, тов. Токаев как член комсомольского бюро полка своим личным примером воодушевлял личный состав 4-го взвода автоматчиков на боевые дела. 21.01.1945г. в районе северо-западнее Еглиевец немцы ночью контратаковали наши позиций, автоматчики стойко охраняли свои танки, а затем перешли в атаку и отбросили немцев. Тов. Токаев первый ворвался в расположение противника и огнем своего автомата уничтожил 5 немцев и одного раненого немца взял в плен. Возвращаясь в расположение своей части с пленным Токаева ранило разрывной пулей в ногу. Пленного немца Токаев пристрелил, а сам превозмогая боль, перевязав рану добрался до своих танков. Достоен Правительственной награды ордена «Отечественной войны» 2-й степени. Командир 7 ОГТТПП (отдельного гвардейского тяжелого Ломжинского танкового полка прорыва ) гвардий подполковник Поваров. 26.01.1945. Награждаю орденом «Отечественной войны» 2-й степени. Командующий Бронетанковыми и механизированными войсками 49-й Армий гвардий полковник Юдин. Награжден орденом «Отечественной войны» 2-й степени приказом №2 Военного Совета 49 Армий от 30.01.1945 года. Қайсар мінезі мен еңбекқорлық қасиетінің  арқасында жоғары білім алған, жастайынан қалаған журналистика саласында ұзақ жылдар қызмет етті. Соғыстан кейін 1945 жылы бұрынғы Қазақ мемлекеттік Киров атындағы университетінің  филология факультетіне  оқуға түседі, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университет. «Лениншіл  жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттері редакцияларында жауапты қызмет атқарған. 1960-1977 жж. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы болып істеген, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған. «Жұлдызды жорық», «Болашақ туралы ойлар», «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма», «Қыс қарлығашы», «Соңғы соққы», «Солдат  соғысқа кетті», «Таңбалы алтын, «Ұясынан безген құс», «Сарғабанда болған оқиға» жəне тағы басқа  шығармалары жарық көрді. Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Тұңғыш ұлы қазір Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті. Ұлы Отан соғысының 1, 2-дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» және көптеген мерейтойлық медальдарымен марапатталған, туған жерінде мектеп, және көшенің аты берілген.  

Қайрат Қарамаңдаев,

Құрлық әскерлері әскери институтының,  тәрбие және

идеологиялық жұмыстар кафедрасының, 

әлеуметтік-гуманитарлық циклының оқытушысы,

бауыржантанушы,тарихшы-зерттеуші

Алматы қаласы

Серіктес жаңалықтары