16 Сәуір, 12:10 556 0 Нұр Отан TURKYSTAN.KZ

Әлия Бөриева жаңа қызметке тағайындалды

16 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «НҰР-Медиа» холдингінің жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке белгілі журналист Әлия Бөриева тағайындалды.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары ұжымға жаңа бас директорды таныстырғанын Facebook парақшасында жариялады. Сондай-ақ  Мәулен Әшімбаев: «Әлия өзінің кәсіби мансабын Шымкент қаласында жүріп, «Отырар» телеарнасынан бастады. КТК, «Qazaqstan», «Астана» телеарналарында жұмыс істеді. Түрлі мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметінде еңбек етті. 2006 жылдан бастап Nur Otan партиясының орталық аппараты мен Нұр Медиа холдингінде елеулі істер атқарды. Осы уақыт аралығында Әлия өзінің жауапты, кәсіби медиа-менеджер екенін дәлелдеді», – деп жазды.

Құрамына «TÚRKISTAN», «AIKYN», «Литер», «Қазақстан Теміржолшысы» газеттерін, «Астана» телеарнасы мен «RadioNS», «OrdaFM» радиоларын біріктіретін «НҰР-Медиа» еліміздегі ең белді, беделді холдингтер қатарында.

Бұған дейін бұл қызметті Ләззат Танысбай атқарды.

Соңғы жаңалықтар