ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ ҚАНДАЙ?

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ ҚАНДАЙ?

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ ҚАНДАЙ?
ашық дереккөзі
853
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз ұстанымдарымен бөлісті. Республикалық Egemen Qazaqstan және Aıqyn газеттеріне сұхбат берген мемлекет басшысы Қазақстанды өркендету үшін мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығын нығайтып, оған адалдық пен құрмет көрсету басты ұстанымы екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Түркістан облысына сапары барысында өз ұстанымдарын жұртшылыққа жеткізген-ді. Egemen Qazaqstan газетінің бас редакторы Дархан Қыдырәлі сол ұстанымдарды тарқатып айтып беруін сұраған. «Ұлт көшбасшысы іс жүзінде тәуел­сіз елдегі саяси басқару мен сабақ­тастықтың мүлде жаңа, озық үлгісін жасап берді. Менің де Президент ретіндегі не­гізгі ұстанымым мен өмірлік көз­қарасым осы бағыттан ауыт­қымайды. Жоғарыда айтып өткенімдей, елдің өркендеу кепілдігі мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығында және оған деген құрмет пен адалдықта жатыр. Онсыз ешқашан тұрақтылық та, даму да болмайды. Екінші ұстанымым – әділеттілік. Бұл жалпыадамзаттық әрі дала демократиясынан бастауын алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық болатын. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін-өзі жоғалтып алумен бірдей. Әділеттілік салтанат құрмаған қоғамда тек қайшылық, қиыншылық, құлдырау үстемдік ететіні белгілі. Сондықтан әділет­сіздікпен мемлекет, қоғам, әр адам күн сайын, бірігіп күресуіміз керек. Халқымыз айт­қандай, «Әділет жолы – ауыр жол», бірақ ауыр болса да одан тура жол жоқ. Үшінші ұстанымым – тек алға басу, даму жолымен жүру. Өздеріңіз білесіздер, біз өмір сүріп отырған дәуірдің табиғаты мың құбылмалы. Жаһандық бәсекелестік жағдайында мүддемізді қорғауға, мақсатымызға жетуге ұмтылмасақ, жедел алға баспасақ көп нәрседен ұтыларымыз анық. Мына дәуір еркелікті, жалқаулық пен масылдықты, немқұрайлықты көтер­мейді. Төртінші өнеркәсіптік рево­лю­ция ке­зеңінде, жоғары технологиялық, цифрлық кеңістікте жаһандық дамудан он жыл артта қалсақ, жүз жыл оның орнын тол­тыра алмайтынымызды естен шығармайық», – деді президент. Сұхбаттың толық нұсқасын Egemen Qazaqstan және Aıqyn газеттерінен оқи аласыз.

Серіктес жаңалықтары