395
Тарихымыздағы ұлы тұлға
Тарихымыздағы ұлы тұлға
Елбасының мəлімдемесін үлкен толқу үстінде тыңдадым. Өйткені еліміздің тəуелсіздікке қол жеткізуі мен табыстарының, əлемге танылуының басында Елбасының ерен еңбегі тұрғаны анық. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Елбасының даналығы, мықты ерік-жігері, болашаққа деген сенімі мен халқына шексіз беріле қызмет атқарғанын мақтан етемін. «Маған сенім артқан халқымның болашақта ғана емес қазір бақытты болғанын көргім келеді» деген сөзінде қаншама терең ой, сенім, ұлтқа қызмет етудің ұлылығы жатыр. Біз елі сүйген, елін сүйген Елбасымыздың тарихымызды түгендеп, бабалар шежіресін зерделеп, бүгінгі ұрпаққа аманат еткенінің куəсі болдық. «Ынтымағы жарасқан елге бақ тұрар» деп өзіңіз айтқандай құрметті, Нұрсұлтан Əбішұлы, Сіз халқымыздың бірлігі мен берекелі тірлігі үшін аянбай еңбек еттіңіз.
Тарихи шешім. Тарихымыздағы ұлы тұлға. Біз əрдайым биік межелерді белгіледік. Биік мақсаттарға қол жеткіздік. Біздің болашаққа ұмтылысымыз, еліміз-дің өркендеуі Елбасының ел игілігі жолындағы ұлы бағыты. Ел болашағы жастарымызға үлкен сенім артты. Аға ұрпақтың өнегелі еңбек жолдарынан үлгі алуға шақырды. Мемлекеттік шекарамызды бекітті. Мемлекеттік рəміздерімізді дүниежүзіне мойындатты. Біз Елбасымыздың еңбек жолдарын, азаматтарымыздың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етудегі еңбегін үлгі тұтамыз. Бейбітшілік пен қоғамдық келісім ел бірлігінің жемісі, Елбасының сенімі мен үміті. Ендеше еліміздің мерейі үстем болсын.
Светлана БАЙТЕНОВА,
Nur Otan партиясы БҚО
Шыңғырлау аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары