15 Наурыз, 11:11 183 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Жезқазғанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шара барысында қаладағы көлік қозғалысын шектелетіндіктен көшелер ішінара жабылуы мүмкін.

«Оқу-жаттығудың кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп төнген жағдайда өзара іс - қимыл жасау дағдылары пысықталады», - делінген хабарламада.

Оқу-жаттығу өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылады.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тұрғындардан іс-шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде сабырлық сақтауын сұрайды.

 

Соңғы жаңалықтар