14 Наурыз, 11:13 320 0 Қоғам Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Әнұран авторын еске алды

Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Түркия Республикасының әнұранының қабылдануы мен авторы Мехмет Акиф Ерсойды еске алу және 18 наурыз Чанаккале теңіз жеңісі мен шейіттеріне еске алу байланысты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан және Түркия Республикасының зиялы қауым өкілдері қатысып екі елдің рухани саладағы қарым-қатынастары кеңінен әңгімеленді. 

Жиынның ашылу салтанатында сөз алған Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры  доцент, доктор Вакур Сүмер Түркияның ең үлкен рухани қаһармандарының бірі М.А. Ерсой бір ғасырдан астам уақыт бұрын Түркияның қиын жағдайын он шумаққа сыйғызған жыры арқылы түрік халқының жауынгерлік рухын оятқанын жеткізді. Осыдан бірнеше ай бұрын Еуразия ғылыми-зерттеу институтының мұрындық болуымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Мимар Синан университеті Стамбұл қаласында Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өткізді. Шара М.Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» атты жырының аясында өрбіген. Бұл басқосу сол жиынның рухани жалғасы іспеттес екенін тілге тиек етті.

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз: «Осман империясы тарап Түркия халқының алдында Тәуелсіз жаңа мемлекет құру үшін соғыстарды басынан өткереді. Сол уақытта Мехмет Акиф Ерсойдың қаһарман замандастары ерлігі бүгінгі күшті Түркия негізін қалады. 18 наурыз «Чанаккале теңіз жеңісі» күніне қол жеткізу де осы қасиетті жыр жолдары сыйлаған күшпен келген еді. Түркияның ұлы мәжілісінде қабылданғанына биыл 98 жыл толып отыр. Әнұран мәтінінің әр жолы түркия азаматының рухын көтеретін  күшке ие», – деді.

Сондай-ақ, Бас консул Р.Қ. Йылмаз осы атаулы күнге орай Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның: «Мехмет Акиф Ерсойдың өлеңдерінде елдік бірлік, ұлттық және рухани құндылықтар рухы бар екенін бұл күнде Түркияға бағытталған кез келген қауіп-қатердегі қарсылыққа төтеп беретін ұлттық консенсустың негізгі элементтері бар. Ұлт Тәуелсіздігінің декларациясы болған ұлттық әнұран еліміздің бостандық үшін күресіндегі еркіндік рухын қастерлей білуде халық бірлігі мен ынтымақтастығы арқасында бабалар рухын сақтаған қасиетті жыр жолдары» деген пікірін оқып берді.

Жиынға арнайы шақырылған Стамбұл Жаңа ғасыр университеті Түрік тілі мен әдебиеті факультетінің профессоры, ф.ғ.д., Мехмет Метин Караөріс 50 жылдық ұстаздық және ғылымы жолындағы қызметінде ширек ғасыр бұрын Түркістанда қызмет атқарғанын сол уақытта Бес арыс еңбектеріне ден қойып, оның ішінде Мағжан Жұмабаевтың айрықша зерттеу жүргізгенін жеткізді. Жиын барысында қадірменді қонақ М.Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» өлеңін қазақша оқып беріп, сол уақыттағы қазақ халқының бауырмашылдығына алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар