Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды

Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды

Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды
ашық дереккөзі
298
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәди Төкешұлы Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды  primeminister.kz. М. Тәкиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Алматы қ., Алматы облысы бойынша Салық департаментінде жұмыс істеген. 2012–2013 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің басқарма басшысы. 2013–2014 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды. 2014 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2014 жылдан 2017 жыл аралығында Атырау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.      

Серіктес жаңалықтары