11 Наурыз, 15:41 402 0 Спорт Назым Тойлыбаева

Баландин Словениядағы жарыста төртінші алтын иеленді

Рио олимпиадасының чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин Словенияның Крань қаласында жүзуден халықаралық турнирде төртінші алтын жүлде иеленді, деп хабарлайды  centralasian.org.

Жарыстың екінші күні ол жүз метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде бәсекелестерінен озды деп хабарлады 11 наурызда Ұлттық олимпиада комитеті. Жарыстың осы түрінен әйелдер арасында қазақстандық Аделаида Пчелинцева екінші орын алды. Диана Назарова 50 метрге шалқалай жүзуде жеңімпаз атанды.

Жүзуден ерлер арасындағы 4x100 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы (Дмитрий Баландин, Александр Варакин, Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин) алтын жүлде жеңіп алды. Әйелдер командасы (Анастасия Резванцева, Аделаида Пчелинцева, Диана Назарова, Алина Костенко) күміс медаль иеленді.

23 жастағы Дмирий Баландин бұған дейін 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын ұтып алған.

Соңғы жаңалықтар