6 мемлекетте әйел мен ерлердің еңбек құқығы тең

6 мемлекетте әйел мен ерлердің еңбек құқығы тең

6 мемлекетте әйел мен ерлердің еңбек құқығы тең
ашық дереккөзі
866
Дүниежүзілік банк бүкіл әлем бойынша тек алты мемлекет әйелдер мен ерлердің еңбек құқығына заң жүзінде теңдік бергенін хабарлады. The Guardian басылымының айтуынша, бұл тізімде Швеция мен Франция көш бастаған. Одан кейін Бельгия, Дания, Латвия, Люксембург тұр. Дүниежүзілік банк жарилаған «Әйелдер, бизнес және заң» атты баяндамада 187 мемлекеттегі гендерлік жағдайға талдау жасалған. Басылымның хабарлауынша, он жыл бұрын әлемде ешбір мемлекет әйелдер мен ерлердің заңдық құқығын теңестірмеген.  «Баяндамада зерттеу сегіз көрсеткіш бойынша жасалған. Оның ішінде әйелдердің еңбек етуіне әсер ететін экономикалық шешімдер, қозғалыс еркіндігі, зейнетақы алуы, кәсіпкерлік немесе жұмысқа орналасудағы құқықтар қарастырылған», деп жазады автор. Автордың айтуынша, гендерлік теңдік жаһан халқының жартысы әйелдерді құрайтын әлемде экономикалық өсімнің маңызды бөлігі саналады.

Серіктес жаңалықтары