Әскери қызметшілерді аттестациялау басталды

Әскери қызметшілерді аттестациялау басталды

Әскери қызметшілерді аттестациялау басталды
ашық дереккөзі
289
Осы аптада Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Қазақстан Республикасының сержанттар және сарбаздар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін аттестациялау басталды. Аттестация мақсаты - әскери қызметтің әрекетін, кәсіби деңгейін әділ бағалау, сондай-ақ әскери қызметшілердіің кәсіби шеберлігінің дамуы мен біліктілігін арттыру болып табылады. Әскери қызметшілерді аттестациялау үш жылдан кем емес бір рет өткізіледі. Сонымен бірге, әскери қызметшілерді барлық жағынан әділ және нақты бағалау атқаратын қызметіне қарай қызметтік жұмыстары арқылы айқындалады. Әскери қызметшілерді бағалау кезінде атқаратын лауазымы бойынша өзінің қызметтік міндеттерін білу, жалпы әскери жарғылар мен ережелерді, кәсіби дайындықты, дене дайындықты меңгеруі міндетті түрде ескеріледі. Әскери қызметшілердің адалдығы мен әділеттілігіне, жұмыс қабілетіне, жан-жақтылығына, қоршаған ортасына көзқарасына үлкен назар аударылады. Ағымдағы жылда 80 келісімшарт бойынша әскери қызметші Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарында аттестациядан өтуі жоспарлануда. Айта кету керек, аттестациялаудан өткізетін тікелей бастықтар (командирлер) бағынысты қызметкерлерді әділ және қызметтік әрекеттеріне оң баға беріп, олардың болашақта нағыз әскери қызметші болуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары