жұма, 11 сәуір, 2025

Медициналық сақтандыру қорына өткен айда қанша жарна түсті?

/
ашық дереккөзі
Медициналық сақтандыру қорына өткен айда қанша жарна түсті? Өткен айда Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд теңгеден астам жарна түсті.  width=   Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 149,2 млрд теңгені құрады. Оның 140,5 млрд теңгесі (шамамен 94,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (5,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.   Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.  width= Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
Бөлісу: