АҚШ пен Солтүстік Кореяның екінші саммиті сәтсіздікке ұшырады

АҚШ пен Солтүстік Кореяның екінші саммиті сәтсіздікке ұшырады

АҚШ пен Солтүстік Кореяның екінші саммиті сәтсіздікке ұшырады
ашық дереккөзі
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздерден кейін бейсенбі күні Ханое қонақүйінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap оңтүстіккореялық агенттігіне сілтеме жасап. Оның хабарлауынша, шамасы АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары түскі асқа бармайды. Ақ үй Трамп пен Ким Чен Ынның келісімге қол жеткізе алмағанын мәлімдеді. «Қазіргі уақытта келісім жасалған жоқ, бірақ Трам пен Кимнің командасы алдағы кездесуді асыға күтеді», - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс. Бұл мәлімдеме екі көшбасшының саммит өтетін жерден кетіп, түскі ас пен келісімге қол қою рәсімін тоқтатқаннан кейін жарияланды. Қол қою рәсімі жергілікті уақытпен 14.05-ке жоспарланған еді. Сондай-ақ, Сандерс Трамп пен Кимнің жақсы, конструктивті кездесу өткізіп, ядролық қарусыздану мәселелерін талқылағанын айтты.