25 Ақпан, 09:43 346 0 Заң Назым Тойлыбаева

Судья - студенттермен кезекті кездесуін өткізді

Алматы қаласының Алатау аудандық сотының судьясы Д.С. Айкулов  «Қайнар академиясы» ЖШС-нің 4 курс студентерімен кездесті.

Бұл кездесу барысында болашақ заңгерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің 24.08.2009 жылғы №858 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының» 2.7. тармағының 5) тармақшасында азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру жөніндегі шаралар жеке-құқықтық жанжалдар тараптары арасындағы бітімге қол жеткізудің сот тәртібімен, сондай-ақ соттан тыс тәртіптегі түрлі жолдары мен тәсілдерін, оның ішінде істі сот талқылауына дайындаған кезде келісушілік рәсімдері шараларын пайдалану мүмкіндігін талқылаудың міндеттілігін бекітуге, сондай-ақ азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарын дамытуға (медиация, делдалдық және басқалары) бағытталуы мүмкін екендігі,  бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде қабылданған  заңдар туралы,  сондай-ақ, заң үстемдігін қамтамасыз етуге қандай шаралар ұйымдастырылп жатқаны туралы жеткізілді.

Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы АПК-нің талаптары мен   «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  ережелері туралы да тілге тиек етті, судья Даурен Сансызбайұлы. Яғни, татуластыру шаралары кеңінен қолдану сот жүйесіне жүктемені азайтатыны, ең бастысы, дауды шешу мерзімін қысқартатыны, сондай-ақ оны дамыту азаматтардың процеске қатысу деңгейін арттыратыны жайлы хабардар етілді.

Студенттерді татуласу рәсімдерінің  қолданыста қандай нәтижелер бергені қызықтырды.

Кездесу соңында барлық сұрақтарына толыққанды жауаптар алған студентер ұйымдастырылған кездесуге келісім берген судья Д.Айкуловқа және кездесуді ұйымдастырған заң факультетінің деканы Н.Апахаевқа өз ризашылықтарын білдірді.

 

 

Соңғы жаңалықтар