Түркістан: Ордабасы ауданында «Жан-шуақ» қайырымдылық дүкені ашылды

Түркістан: Ордабасы ауданында «Жан-шуақ» қайырымдылық дүкені ашылды

Түркістан: Ордабасы ауданында «Жан-шуақ» қайырымдылық дүкені ашылды
ашық дереккөзі
227
Игілікті насихаттау мақсатында Ордабасы ауданында "Жүректен – жүрекке" акциясы бастау алған болатын. Акция барлық ауыл округтерінде өткізіліп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек берілуде, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  width= Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылында  аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға арналған "Жан-шуақ" қайырымдылық дүкені ашылды. Мұнда демеушілер тарапынан әкелінген азық-түлік, киім-кешектер  тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылуда.  width= Бұдан басқа, ауданның кәсіпкерлері мен демеушілер есебінен 281 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Сонымен қатар, жастар ұйымы жетекшілері мен  мектеп оқушылары, жалпы 480 жас пен 50 жалғызілікті қарттардың үйіне барып, үй шаруасына қолғабыс жасады. Сондай-ақ, Қарақұм, Бадам, Шұбар, Бөген, Жеңіс, Төрткүл ауылдарында да әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылар үшін арнайы дүкен ашылды. Аудан тұрғындары тағдыр тәлкегімен таршылық сынына ұшыраған ауылдастарына көмектесуді азаматтық парыз санап, қайырымды іске қосшы бола білді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ақпан айында 365 балаға және 1-Наурыз «Алғыс айту» күніне орай аз қамтамасыз етілген отбасылардың 120 балаларына оқу-құралдары, киім-кешек, тағы басқа қажетті заттар алып берілді.  width=

Серіктес жаңалықтары