595
Елбасының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі басталды
Елбасының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі басталды
Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Отырыста бас партияның алдағы 10 жылға арналған бағдарламасы көпшілікке таныстырылмақ. Маңызды құжат 10 бағыттан тұрады. Онда көпбалалы отбасыларға, кембағал жандарға және зейнеткерлерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту мәселесі қаралған. Жұмысшылардың жалақсын көтеру, елді баспанамен қамту, экономиканы цифрландыру және жастарға сапалы білім беру жайттары да назардан тыс қалмаған. Одан бөлек отандық медицинаны дамытуға да жіті көңіл бөлінеді.
Бүгінгі съезд партияның 20 жылдығына орайластырылып отыр. Жиынға қатысушылар бағдарламаны талқылаудан бөлек партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. Одан өзге отырыста партиялық органдардың есебі тыңдалады және партия саяси кеңесінің құрамын жаңарту да көзделген.