Астанада үшем дүниеге келді

Астанада үшем дүниеге келді

Астанада үшем дүниеге келді
ашық дереккөзі
Астанада 2019 жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді. Аталған отбасыда бұған дейін де егіздер дүниеге келген болатын. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. «Астана қалалық № 3 перинаталдық орталықта 19 ақпанда  кесар тілігі арқылы бірнеше минут айырмашылығымен үшем дүниеге келді. Бұл елордадағы биылғы алғашқы үшем. Екі ұл мен бір қыздың салмағы 2 149 грамм, 2 290 және 2 020 грамм», - делінген перинаталдық орталық таратқан мәліметте. Жас ана мен үшемнің денсаулығы жақсы болғандықтан оларды үйіне шығарады.