263
Қазақтың үні мен ойын жарияға салған
Қазақтың үні мен ойын жарияға салған
«Túrkistan» газеті − қазақтың ойын, қазақтың даусын жарияға салып, күрделі мәселелерді, ел ынтымағын, рухын көтеріп жүрген басылым. Газет ұлттың сөзін сөйледі, әділетті жақтады, шындықты қорғады, тарихты тереңнен қозғап, оқырманға ой салды. Қазақ тілін, халықтың келешегін сөз етті, елім деген азаматтардың жүрекжарды пікірін жеткізді. Бір сөзбен айтқанда, қазақтың мүддесіне қырын қарамайтын, ұлт мақсатын ұран қылған оқырмандардың қолдаушысы, қорғаны. Жастарды өз ұлтының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық мұраларды қастерлеуге үйретуді мақсат еткен «Túrkistan» газетінің ұжымының еңбегін атап өтуге болады.
Ширек ғасырды артқа тастап, осы күнге жеткен жиырма бестеріңіз құтты болсын! Алда талай белестерге шығыңыздар! Ел игілігіне жасап жүрген еңбектеріңіз жансын!
Әділ Несіпбаев,
Халықаралық Білім беру
Корпорациясының президенті