ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі
1138
Бүгін Түркістан қаласында Полиция департаментінің жанынан азаматтарды қабылдауға арналған халықтық кеңсе (фронт-офис) ашылды. Жаңа ғимараттың ашылуына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков және мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының жетекшілері мен  БАҚ  өкілдері қатысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Халықтың кеңсе жеке құрам және тергеу, әкімшілік полиция құрылымымен қамтылған. Сондай-ақ, полиция департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің үлгілері ілінген.  Аптаның дүйсенбісі мен жұма күндері таңғы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін кеңседе халық 5-10 минуттың аралығында бүкіл полиция қызметіне қатысты сұрақтарына жауап ала алады.  Компьютерлер орталық базаға тіркелгендіктен көліктерге қатысты айыппұлдарды да көруге мүмкіндігі бар. Азаматтар кеңседе арыз-шағымдары қалдырып,  істің жүргізілу барысын бақылай алады. Ең бастысы, тұрғындарға көп кезек күтпей-ақ өз мәселелерін шешуге мүмкіндік бар. Азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, Әкімшілік полиция басқарамасының қызметкерлері, анықтаушылар, тергеушілер және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің мамандары жауап беретін болады. Аталған нысанда азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалып, жедел басқару орталығымен бейнебақылау жүйесі тартылған.  width= Полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, фронт-офистің ашылуы азаматтардан келіп түсетін өтініштердің қаралу мерзімін қысқартып, полиция жұмысының ашықтығын және сұрақтардың жедел шешілуін қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне өзіндік септігін тигізеді.  width= Жаңадан ашылған ғимарат жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халыққа қызмет көрсетудің сапасын тағы да жетілдіру керектігін атап өтіп, кеңсе жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан соң, өңір басшысы Түркістан облыстық полиция департаментінің Түркістандағы жаңа ғимаратымен танысты.

Серіктес жаңалықтары