Меркідегі берекелі іс

Меркідегі берекелі іс

Меркідегі берекелі іс
ашық дереккөзі
296
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзаxметов Меркі ауданы әкімі Мейірxан Өмірбековтің аудан тұрғындары алдындағы есебіне қатысты.                                                                                                                                 Есепті жиында Мейірxан Азатұлы баяндама жасап, 2018 жылы ауданның барлық саласында атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Ол алдымен ауданның ауыл шаруашылығы саласына назар аудартып, өткен жылы жалпы 25,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілгенін жеткізді. Бұл бойынша нақты индекс көлемі 108,0 пайызды құрап, облыс аудандары арасындағы алғашқы орынға жайғасқан. Атап айтар болсақ, аудан бойынша былтыр 41785 гектар дәнді масақты дақылдар ораққа түсіп, 96,5 мың тонна астық қамбаға құйылған. Барлық дақылдарға белгіленген жоспар толығымен орындалып, зауытқа 52,5 мың тонна қант қызылшасы өткізілген. Ауданда сүт бағытында 6, ет бағытында 4 ауыл шаруашылық кооперативтер құрылып, жұмыс жүргізуде десек, олармен 2557 тонна ет, 1793 тонна сүт өндірілген. Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік саласындағы жұмыстар да нәтижесіз емес. Өткен жылы Меркі ауданындағы ауылдық елді мекендерге келген 36 маманға 168,3 мың теңгеден көтерме жәрдемақы, 21 маманға 3,6 миллион теңгеден бюджеттік несие берілген. Өнеркәсіп саласында да өркенді істер атқарылып, өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 14,6 миллиард теңгені құраған. Индустриялды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жалпы құны 1,7 миллиард теңге болатын 2 жоба жүзеге асырылған. Былтыр аудан бюджетіне 2,6 миллиард төлемдер түсіп, болжам 104,8 пайызға орындалды. Ал, аудандық бюджеттің кірістер жоспары 12,1 миллиард теңгеге немесе 100 пайызға орындалды. Аудандағы, мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларындағы көрсеткіштерде де өсім бар. Әлеуметтік, қоғамдық мәселелердің шешілуі де біртіндеп жолға қойылып келеді деуге негізбар. Бұл туралы Мейірхан Азатұлы өз баяндамасында жан-жақты айтып өтуге тырысты. Аудан басшысының есебінен соң жарыссөзге жазылғандар мен сөз сөйлеген тұрғындар өткен жылғы жұмыстарға қанағаттанарлық деген бағасын берді. Олардың тарапынан жолданған бірқатар сауалдарға жауап берген аудан әкімі көтерілген мәселелер қараусыз қалмайтынын жеткізді. Бұдан соң қорытынды сөз алған Асқар Исабекұлы ауданда атқарылған жұмыстар аз еместігін, алайда, атқарылар шаруа одан да көп екендігін баса айтты. Өңір басшысы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін алдымен экономиканы көтеру жолында жанды жұмыстар жүргізілу керектігін баса айтты. Сондай-ақ, ауданның жұмысын тек белгілі көрсеткіштермен ғана бағалап қоймай, өңірдің әлеуетін мүмкіндігінше пайдалану керектігін тілге тиек етті. Есепті жиында жұмыстың тиімділігін арттыру үшін, дұрыс жүйені қалыптастырудың маңыздылығы, әрбір елді мекеннің әлеуметтік-экономикалык төлқұжатын жасаудың маңыздылығы айтылды.

Серіктес жаңалықтары