15 Ақпан 2019, 11:30 645 0 Жаһан TURKYSTAN.KZ

Еңбек мигранты көп ел

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында еңбек мигранттарының саны бойынша ресейліктер мен қырғыз елінің азаматтары көш басында. Олардан бөлек Армения мен Беларусь Республикасының тұрғындары да еңбек миграттарының санын арттырып отыр.

Бір ғана өткен жылғы есеп бойынша Қазақстанда 25 мыңға жуық ресейлік қызмет еткен. Айырқалпақты көршілердің саны 5 жарым мың болса, армениялықтар 3 мыңнан асты. Беларусь елінің азаматтары 1 мың 200-ге жуықтапты. Еңбек нарығы ірі саналатын Ресейде қырғызстандықтар көш ілгері келеді, шамамен 162 мың адам. Онан кейін 116 мыңға жуық армениялық, 68 мың Беларусь және 50 мың қазақстандық тіркелген. «Ал Армения, Беларусь пен қырғыз елдеріндегі көрсеткіш едәуір төмен», – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшылары.

Соңғы жаңалықтар