__МаңыздыЖаңалықтарҚоғам

Білікті маман

Заман талабына сай реформаларды жүзеге асыра отырып, Қарулы Күштеріміздің барлық салаларында кіші буын командирі саналатын келісім-шарт  қызметіндегі сержанттар санатының мәртебесі артуда.

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында  жоғарғы білікті мамандар мен кәсіби шеберлігі қалыптасқан әскери қызметшілер саны жылдан –жылға артып келеді.

Соның бірі, институттың жасақтау және жұмылдыру бөлімінің жасақтау бөлімшесінің бөлімше сержанты 3 сынып сержанты Мақсат Баяхметов.

Мақсат бала күнінен тағдырын әскери өмірмен сабақтастыруға бел байлаған еді. Арман жетегінде бозбала орта білім алысымен  кербез Көкшетаудың баурайында бой түзеген әскери білім шаңырағы Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының кадеті аталды. Сол әскери білім ордасын жақсы бағамен бітіріп, мотоатқыштар ротасының бөлімше командирі – ұрыс машинасының командирі  лауазымына тағайындалғанда қуанышында шек болмады. Кейіннен минометтік батареяның взвод сержанты-миномет командирінің лауазымын да атқырды.

Алғырлығы мен зеректілігінің арқасында аз уақыт аралығында мамандығының қыр-сырын тез меңгеріп, әріптестері арасында абырой биігінен көрінді.

2013 жылы 3 сынып сержанты Баяхметов Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 2 курсанттық  факультетің 4 рота 2 взводының сержанты лауазымына тағайындалды.

Взвод сержанты болып жүріп  Мақсат уақытпен санаспай қызмет етті. Взводындағы әрбір курсанттың моральдық-психологиялық ахуалын, дүниетаным шеңберін, тәртіптілік мәселесі мен сабақтары бойынша   үлгерімін де қадағалады. Қажет жерде взвод жеке құрамын  жұдырықша жұмылдыра  да білді, курсанттар қиналған кезде жігерлендірер сөз тауып, оларға тіреу болды.

Институт басшылығы Мақсат Баяхметовтің тиесілі міндетін мінсіз атқарғаны үшін оны әрқашан қолдап, көтермеледі.  Взвод сержанты лауазымын абыроймен атқарған 3 сынып сержанты Мақсат Баяхметов рота сержантының лаузымына, сәлден соң, ол жасақтау және жұмылдыру бөлімінің жасақтау бөлімшесінің бөлімше сержантыгың лауазымына тағайындалды.

3 сынып сержанты Баяхметов  ерлерге тән қажыр-қайраттың, ерік-жігердің, ақыл-парасаттың иесі болғаны жан. Мақсаттың тұлғасын ажарландырып, айшықтай түсетін де осы қасиеттері.

Жұмысына ұқыпты – білікті маман, ал жанұяда ата-анасына қамқоршы ұл, жарына адал ер, балаларына қамқоршы әке.

Аида Бектурова Құрлық әскерлерінің Әскери институты  

Back to top button