13 Ақпан 2019, 11:20 633 0 Қауіпсіздік Назым Тойлыбаева

Алматылықтарға тауға шықпау туралы ескерту жолданды

Алматы тауларында Медеу және Бутаковка тасжолдары ауданында үш рет қар көшкіні болған. Бұдан бұрын қалалық ТЖД Кіші және Үлкен Алматы аңғарында қар жамылғысының артуына байланысты жоспарлы профилактикалық қар көшкіні туралы ақпарат таратқан болатын.

Қарға және тұманға байланысты, профилактикалық көшкіндер кейінге  қалдырылды.12 ақпанда Экобекеттен жоғары жақта Медеу және Бутаковка тасжолдары аумағында үш рет қар көшкіні жүріп өткен. Екі жағдайда жолдың шағын учаскесі жабылды. Көшкіннің көлемі 200 және 600 текше метр болған. Тасжолдар учаскелерін тазалауға 5 техника мен 9 адам жұмылдырылды. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын тауға шығып, сапар жасамауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар