Алматы ипподромы жаңғыртылмақ

Алматы ипподромы жаңғыртылмақ

Алматы ипподромы жаңғыртылмақ
ашық дереккөзі

Келер жылдың басында «Алматы ипподромы» жобасы қолға алынбақ. Мұндай шешімнің қабылдануына қала тұрғындарының пікірі себеп болған. Алматылықтардың көпшілігі аталмыш нысанды маңызды демалыс орны әрі қала қонақтары үшін тартымды спорттық-мәдени кешен ретінде бағалайды. Республикалық Алматы ипподромы КСРО қаулысы бойынша асыл тұқымды жылқылардың сынақ орталығы ретінде 1930 құрылып, 1934 жылы салынған болатын. Араға 30 жыл салып ол қайта құрылды. Содан бері бері мұнда 2000 араб, қосанайлық, оралдық, ресейлік аттар сынақтан өткен. Модернизациялау жұмыстары нысан иелерінің қаржысы мен жеке инвестиция арқылы жүзеге асады. Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясы АҚФ депутаттық фракциясының отырысында қала бюджетін оңтайландыруда ипподромды қайтарып алмау жөнінде шешім қабылданған еді. Ал, үнемделген қаржы әлеуметтік мәні бар жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын болады. Алайда, Алматы ипподромын қайта жаңғырту жөніндегі бастамашылар – потенциалды инвесторлар мен нысан иелері өз күштерімен дамыту жұмыстарын қолға алмақ. Қазір нысанның даму концепциясы жасалуда. Барлық модернизациялау және қайта жасау жұмыстары 2016 жылдың басында қолға алынады деп жоспарлануда.