12 Ақпан, 10:27 373 0 Ішкі саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

60 мың маманға әлеуметтік қолдау көрсетілді

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 60 мың маманға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Биыл «Жастар жылына» байланысты аталған жобаға қызығушылардың саны арта түсуде.

2019 жыл Қазақстанда «Жастар жылы» деп жарияланды. Осы орайда жобаға қызығушылық танытушылардың арта түсуіне байланысты, министрлік жиі туындайтын сұрақтар мен оларға жауап түріндегі жобаның шарттарын тағы бір мәрте еске салуды жөн көріп отыр», - делінген министрліктің Фейсбуктегі парақшасында. Аталған жоба денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына арналған. Яғни жоғарыда көрсетілген салалар бойынша білімі мен еңбек өтілі бар және ауылда жұмыс істеуге, тұруға ниет танытқан мамандар қатыса алады. «Мемлекет жас мамандарды ауылда жұмыспен қамтумен қатар, тиісті әлеуметтік қолдау да көрсетеді. Біріншіден, 70 АЕК көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы беріледі. Екіншіден, бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК негізінде бюджеттік несие беріледі. Несиені өтеу мерзімі 15 жыл, сыйақы мөлшерлемесі 0,01% құрайды», - делінген хабарламада. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, жоба бойынша шарт жасасқан маман ауылдық жерде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. Сонымен «Дипломмен ауылға» жобасына қалай қатысуға болады: Алдымен маман ауылдық жердегі елдімекенді таңдап, өз бетінше жұмыс табуы тиіс, ол дегеніміз ауылдық мектеп, аурухана, мәдениет үйі, спорт кешені және басқа ұйымдар. Егер өздігінен жұмыс таппаған жағдайда, облыс және аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе бос жұмыс орны туралы әкімдіктердің сайтынан білуге болады. Одан соң аудандық (қалалық) әкімдікке өзіңіздің жобаға қатысқыңыз келетініңіз туралы өтініш жазасыз. Ол өтініш құжаттарды қарап, шешім шығаратын арнайы комиссияға жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар