12 Ақпан, 10:22 374 0 Қоғам Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Астана романтикалық қалалар бестігіне кірді

Астана ТМД-ның романтикалық қалалар бестігіне кірді. ТурСтат сараптамалық агенттігі ресейлік туристердің интернет сауалнамасы бойынша, ТМД елдері мен таяу шетелдегі ең романтикалық қалаларды атады. 

Агенттіктің дерегі бойынша,  ресейлік туристер демалыс және мереке күндері ТМД елдеріне жылына миллиондаған саяхат жасайды. Демалыс күндері туристік саяхат үшін ТМД мен таяу шетелдегі романтикалық қалалар бестігіне Грузияның астанасы Тбилиси, Қазақстанның Астана қаласы, Әзербайжан астанасы Баку, Беларусь астанасы Минск және Молдовада Кишинев кіреді. Тбилисиге дауыс берушілердің үштен бірі, Астана, Баку және Минскіге - он төрт пайыздан және Кишиневке - он пайызы дауыс берген. ТМД-ның романтикалық қалалар рейтингіне Алматы, Бішкек және Ереван да кірген (5%-дан).

ТМД романтикалық қалалар бестігі:

Тбилиси Астана Баку Минск Кишинев  

Соңғы жаңалықтар