Алматыда ММА чемпионаты өтеді

Алматыда ММА чемпионаты өтеді

Алматыда ММА чемпионаты өтеді
ашық дереккөзі
13-16 ақпанда Алматыда Қазақстан Республикасының ММА бойынша тұңғыш біріккен чемпионаты өтеді.

Оған Қазақстанның барлық өңірлерінде іріктеу турнирлерінен өткен спортшылар қатысады. Чемпионатта барлығы 16 салмақ санатында күресетін атлеттер бақ сынасады.

Жарыс Алатау ауданы, Алғабас шағын ауданы-1 мекенжайында орналасқан Almaty Arena спорт сарайында өтеді.

 width=

Күрес нәтижесіне сай ММА аралас жекпе-жегі бойынша Қазақстан құрамасы қалыптасады. Ол Таиландта өтетін Азия чемпионатында еліміздің атынан өнер көрсетеді

ММА аралас жекпе-жегі (Mixed Martial Arts) – 1995 жылы құрылған спорттың жаңа түрі. ММА – бұл жекпе-жектің кез келген қашықтығында және кез келген жағдайында қолданылатын түрлі күрес техникаларының, соққылар мен тәсілдерінің қосындысы. Қазақстан Республикасында ММА алты жыл бұрын 2013 жылдың маусымында спорттың ресми түрі болып танылды.