313
Ерлан Айтаханов: Мақсат – елді жүйелі жаңғырту
Ерлан Айтаханов: Мақсат – елді жүйелі жаңғырту
Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл. Бұл – еліміз үшін айтулы күн. Еліміздің даму жолындағы қол жеткізген әрбір келелі істер мемлекет тәуелсіздігінің арқасы, Елбасымыздың сындарлы да салиқалы саясатының арқасында болып отыр.
«Нұр Отан» партиясы қоғам мен Президент қойған барлық міндеттерді орындау үшін негізгі бағдарламаларды қабылдап, тиісті ұйымдарды құрды. Мәселен, «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы атты ауқымды жұмыстар ел дамуына көп үлес қосуда. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді даму стратегиясын алға тарта отырып, Мемлекет басшысы халыққа алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың нақты бағдарламасын ұсынды. Аталған бағдарлама дамыған елдердің қатарына кіру үшін мемлекетті қалыптастырудың тексерілген және сенімді тәсілі болып табылатын 5 институционалдық реформаларға негізделген. Алдағы онжылдықтағы біздің мақсат – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғырту. Партия елдегі жетекші саяси күш ретінде, көшбасшымыз айқындаған стратегия шеңберінде өзінің негізгі күш-жігерін алдағы онжылдықтың 10 басты мақсаттарына қол жеткізуге бағыттайды.
Сондай-ақ, Президенттің «Қазақ-стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысында партия өз тарапынан көп жұмыстар атқарды. Осы тұрғыда Жолдаудан бастау алатын жобалардың Отырар ауданында іске асырылуы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсуіне оң әсерін тигізуде. Атап айтсақ, әр салада қызмет ететін 1746 қызметкердің айлық жалақысына Республикалық бюджеттен қосымша 380 млн теңге қаралып, жалақысы көтерілді. «Шағын несие беруді көбейтуді» іске асыру мақсатында жергілікті халықтың өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар қатарынан жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 2018 жылы 64 азаматқа жалпы сомасы 300 млн теңге шағын несие берілді. 2018 жылы ауданымызда 11 мың 568 шаршы метр болатын 101 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, табысын еселеу жөнінде қабылданған Елбасы бағдарламаларын аудан әкімдігі облыс әкімдігімен бірлесіп тиісті дәрежеде атқаруда.