295
250 импорт тауар енді өзімізде өндіріледі
250 импорт тауар енді өзімізде өндіріледі
Қазақстанға шетелден импортталатын 250 тауар ел ішінде өндіріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Оның түсіндіруінше, мата өндірісі, киім мен аяқ киім, тыңайтқыштар, лак бояулары, терезе, есік және жиһаз өндірісіне қолдау көрсетілмек. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен бөлінетін 600 млрд теңгенің 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне жіберіледі. Бұл қазақстандықтар күнде пайдаланатын шамамен 250 өнеркәсіп тауарларының өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді. Қазір ол тауарлардың 82% импортқа тиесілі», - деді Ж. Қасымбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, жаңа қаржыландыру аталған тауарлар бойынша импорт үлесін 50% дейін азайтуға септігін тигізеді. Айта кетейік, 2018 жылдың 5 қазанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында халық тұтынатын тауарларды елде өндіріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесуді айтқан еді. Ол Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырды.