Ізденіс пен талпынысты ту еткен курсант

Ізденіс пен талпынысты ту еткен курсант

Ізденіс пен талпынысты ту еткен курсант
ашық дереккөзі
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “Тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Құрлық әскерлерінің Әскери институтында 4 курсанттық батальонында    жанымен де, тәнімен де спортқа берілген жан –Унайгалиев Дархан атты курсант оқиды. Дархан 1997 жылы Орал қаласында өмірге келген. Осы қалада №4 орта мектепте білім алған.    7 жасынан бастап спортты өзіне серік еткен.  Әкесі Қамбар баласының бастамаларына әрқашан қолдау көрсетіп, ұлының жеңістеріне шынайы қуанада және қолдау көрсете де білген.  width= Дархан мектеп қабырғасында жүріп су полосын игереді. Кейіннен мектепті бітіріп Құрлық әскерлерінің Әскери институтының курсанты аталған соң да Дархан спортты тастамай, одан арықарай  шұғылданады. Институт қабырғасында курсант Унайгалиев бапкер подполковник Асан Нартаевтің қол астында офицерлік үш сайыс бойынша жаттыға бастайды. Өзінің еңбекқорлығымен, күш жігерінің арқасында  2016 жылы  курсант Дархан Унайгалиев Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Спартакиадасы шеңберінде әскери үш сайысынан күміс  медалін жеңіп алды. Казіргі күні болашақ офицер Дархан Унайгалиев жүзуден және су полосынан I разрядтық спортсмен, сонымен қатар әскери үш сайысынан спорт шеберіне үміткер. -      «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, спорт адам баласына қашан да пайдалы. Спорт – мінез-құлықты, ерік пен күш-жігерді шыңдайды. Осы спорттың арқасында         мен әскери курсанттық өмірге тез дағдыландым, қиналмадым. Маған кішкене кезімнен әкем үйреткен: -«Жүрегің қалаған іске алтын уақытың мен күш-жігеріңді ешқашан аяма,  сол істің биіктігі,  қол жетпестігіне қарамай, шыңын бағындыруға тырыс деп. Мен балалық шағымнан бастап, алдыма қойған мақсатыма жетуім үшін күшімді ешқашан аянбаймын, дейді Даррхан. Курсант Унайгалиев  спортта ғана емес, оқуда да үздіктер қатарында. Ол  болашақта десанттық-шабылдаушы әскерлерінің офицері. Бүгінгі күні Дархан  болашақ мамандығының кыр-сырын  зерттеп, ізденіс пен талпынысты ту етіп келе жатқан жан. Жүрген жерінде ұжымының ұйытқысы бола білген көшбасшы.

Аида Бектурова, Құрлық әскерлерінің Әскери институты баспасөз қызметі