4 Ақпан, 10:51 450 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

Мысырда 50 мумия жерленген мазар табылды

Мысырда 50 мумия жерленген мазар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Тоғыз метр тереңдегі мола Мысырдың Минья провинциясындағы Туна әл-Ғәбәл ауданында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған.

50 мумияның 12-сі бала. Олар төрт қабірге бөліп жатқызылған. Мумиялардың кейбірі матамен оралған, кейбіреулері тас табыттарда жатыр.

Қазба жұмыстары кезінде жерлеуге қолданылған бетперделер мен саздан жасалған ежелгі бұйымдар да табылды. Археологтардың айтуынша, мола Мысыр тарихының грек-рим кезеңіне (б.з.б. 330-305 жж.) тән.

Соңғы жаңалықтар