732
Айбынды да айбарлы биігіңнен түспе!
Айбынды да айбарлы биігіңнен түспе!
Біздің елімізде халықаралық мәртебесіндегі екі-ақ газет бар. Бірі «Qazaqstan dauiri», екіншісі бүгін жиырма бес жасқа келіп отырған осы «Túrkistan» газеті. Екі газетті де дүниеге келтіріп, тұсауын кескен бір-ақ адам. Ол – Қалтай Мұхамеджанов ағамыз. Сонымен түркістандық әріптестер, оқырмандар мерейтой құтты болсын! Шабыт атты тұлпарларыңыздан түспеңіздер.
«Túrkistan» өзіндік бет-бедері, келбеті, айтары бар басылым. «Túrkistan» – салиқалы, сабырлы, терең мәнді, сауатты газет. Қай уақытта болсын өзінің бет-бағдарын, ұстанымын жоғалтпай, ұлттық мүдде болсын, саясатта болсын айтарын ірікпей айтып, өз сөзін, үнін жеткізе білетін үнқағаз. Кесек-кесек, сом-сом проблемаларды көтерген кезде, сын-пікір айтқанда бұлтартпас дәлелдермен, дәйектермен өрнектеп, айшықтап, кесіп-пішіп айта, жаза, жеткізе біледі. Бұл – біздіңше, газеттің сайыпқыран жігіттері мен қыздарының өлшеусіз еткен еңбектерінің нәтижесі. Газет те адам сияқты. Оның да кейде әлсіздікке берілетін шақтары да болады. Кейде шарықтайды, кейде сәл-пәл төмендейді. «Túrkistan»-ның ондай жақтары да болды. Біздің тілейтініміз әрдайым «Túrkistan»-ды биіктен көргіміз келеді.
Қазақ баспасөзінің тұғырлы, айбынды газеттерінің бірі – «Túrkistan»-ды, оның ұжымын қылшылдаған жап-жас мерейтойымен біздің ұжым да шын жүректерінен құттықтайды. Жазар көбейсін!
Ертай Айғалиұлы,
Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы