САДРИДДИН АХМЕТОВ КІМ?

САДРИДДИН АХМЕТОВ КІМ?

САДРИДДИН АХМЕТОВ КІМ?
ашық дереккөзі
Апта басынан бері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының көбі Монреаль қаласында өткен бокс кеші жайлы сөз қозғауда. Бірінші орта салмақ дәрежесінде жастар арасында WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын еншілеген Садриддин Ахметов Канада төрінде көк туымызды желбіретті. 22 жастағы қарсыласы мексикалық Абрахам Хуарестен бабының басымдығын «әп» дегеннен байқатқанмен, отандасымыз кездесуді 4 раундқа дейін созғандай болды. Ахметов осы кездесуден кейін өз салмағы бойынша BoxRec рейтингінде 116 саты жоғарылап, 1850 боксшының ішінен 85 орынға жайғасты. Ол осыған дейін 7 кездесу өткізіп, оның бәрін уақытынан бұрын аяқтап, жеңіске жеткен. Соңғы кездесуден кейін әлеуметтік желідегі кейбір пысықай «белсенділер» «оның ұлты өзбек» деген пікірді тайқазанға салды да жіберді. Боксшының өзі болса: «Алда әлі талай үлкен белестер тұр. Мен әр жеңісімді Қазақ еліме арнаймын, мен Қазақ баласымын», ‒ деп әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 1998 жылы Түркістан облысы, Жетісай қаласында туған Садриддин Ахметов бүгін 21 жасқа толды.