Еуропа елдері Мадуроға ескерту жасады

Испания, Германия, Франция және Ұлыбритания Венесуэла президенті Николас Мадуроға сегіз күннің ішінде сайлау өтетін күнді белгілеуді ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер оған келіспесе, оппозициялық үкіметті мойындауына тура келетінін айтты. Еске салайық, қазір елде саяси ахуал өршіп тұр. Отыз бес жастағы Хуан Гуайдо өзін Венесуэланың жаңа көшбасы деп жариялап, билікті қолға алатынын мәлімдеген. Америка және оның жақтастары Гуайдоның шешімін құптап, өзін мойындап үлгерді. Венесуэла Ұлттық Ассамблея басшысына жауап ретінде Мадуро ол оқиғаға төңкеріс деп бағалайтынын айтты. Әскер әзірше ел Президенті жағында. Гуайдо сарбаздарды халық жағына өтуге үгіттеп жүр.

Back to top button