Шамшидин Паттеев: Қызмет етуді мақсат еткен басылым

Шамшидин Паттеев: Қызмет етуді мақсат еткен басылым

Шамшидин Паттеев: Қызмет етуді мақсат еткен басылым
ашық дереккөзі
Халықаралық «Túrkistan» газетінің ұжымын 25 жылдық мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін жариялап, егемендігімізді тұғырлы ете бастаған тарихи тұста елімізде азаттықтың айшықты үлгісіндей болған жаңа көзқарастағы ұлттық басылымдардың өмірге келе бастауы сол кездегі қоғамның әлеуметтік сұранысынан, рухани қажеттілігінен туындағаны белгілі. Бұл газетті ең алғаш құрып, жарыққа шығарған, қанатын қатайтып ақпарат кеңістігінде еркін самғауына жол ашқан – ұлттық әдебиетіміздің аса көрнекті өкілі, классик жазушы, драматург Қалтай Мұхамеджанов ақсақал екенін баса айтқым келеді. Егемендігіміздің алғашқы жылдарында өзіндік үнімен, айтар сөзімен, «түгел Түркістан» идеясымен ақпараттық кеңістіктегі ұлттық басылымдар қатарын арттырған «Түркістан» басылымы аз уақыттың ішінде сан мыңдаған оқырманның жүрегіне жол таба білген салиқалы да салмақты газетке айналды. Газеттің бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен ширек ғасырлық жолы, саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени ауқымда қозғаған өзекті мәселелері еліміздің дербес ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға, рухани-мәдени құндылықтарды дамытуға сүбелі үлес болып қосылғаны ақиқат. Бұл өнегелі үрдіс бүгін де өз жалғасын табады деп сенеміз. Осынау мерейлі мерекелеріңізге орай газет ұжымына шығармашылық табыс пен жетістіктер тілей отырып, алар асуларыңыз әрқашанда биік болсын деген тілегімді білдіремін.