Қоғамдық сананың қозғаушысы

Қоғамдық сананың қозғаушысы

Қоғамдық сананың қозғаушысы
ашық дереккөзі
294
Еліміз ғасырлар бойы аңсап күткен егемендіктің алғашқы жылдарында ана тілімізде жарық көріп, ел игілігіне айналған «Түркістан» газетінің бүгінгі қазақ баспасөзіндегі алар орны ерекше. «Түркістан» газеті жарық көрген күннен бастап шығармашылық ізденіс пен тынымсыз еңбектің нәтижесінде қалың оқырман қауымның сүйікті басылымына, рухани досына айнала білді. Газет журналистері көтерген өзекті тақырыптар әрдайым оқырман көңілінен шығып, қоғамның көкейіндегі маңызды мәселелердің оң шешімін табуына зор үлес қосты. Биыл 25 жылдық мерейлі белесіне шыққан газет Тәуелсіздіктің тарихи сәттерінің шежіресін жас мемлекеттің бүгінгі жасампаз жетістіктерімен жалғаған санаулы басылымдардың бірі. Қоғамдық сананың қозғаушысы, ұлттық руханиятымыздың насихатшысы бола білген «Түркістан» газетінің қарышты қадамдарын еліміздің жүз жылдық жылнамасын жазған «Егемен Қазақстан» редакциясы да әрдайым қолдайды және шығармашылық ұжымға ізгі ниетті тілеулестігін білдіреді. Мәңгілік елдің рухани кеңістігіндегі мерейі биік басылымдардың қатарынан көріне беріңіздер! Мерейтой құтты болсын, қымбатты әріптестер!  

 Дархан Қыдырәлі,

«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ

Басқарма төрағасы

Серіктес жаңалықтары